Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
0
"Сакралды Қазақстан: Отанымыздың қасиетті жерлері"

Ұзынкөл аудандық кітапханасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында кітапхананың тұрақты оқырмандары үшін "Сакралды Қазақстан: Отанымыздың қасиетті жерлері" атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды . Көрменің мақсаты: Қазақстанның рухани-мәдени құндылықтарымен таныстыру, патриоттық сезімді дамыту, еліміздің тарихи өткеніне деген қызығушылықты, Отанға деген сүйіспеншілік пен сыйластықты тәрбиелеу. Қазақстан ашық аспан астындағы өзіндік мұражай болып табылады.  Қорғандар, мешіттер, храмдар, батырлар жерленген орындар, ортағасырлық қалалардың қирандылары-осының бәрі біздің мемлекетіміздің тарихы. Бұл киелі жерлерді білу және есте сақтау қиын , олар біздің ортақ отанымыздың, ортақ тарихымыздың таңбасы болуы тиіс.