Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
0
Хакімжан Наурызбаевқа арналған «Тас мұрасының байлығы. Богатое наследие в камне» атты іс-шара өткізілді.

«Болашаққа бағдар  - рухани  жаңғыру» жобасы аясында Ұзынкөл орталық  кітапханасында Хакімжан Наурызбаевқа  арналған «Тас мұрасының байлығы. Богатое наследие в камне» атты іс-шара өткізілді.

 

Хакімжан Наурызбаев – Қазақстанның ұлттық монументальды өнерінің бастауында тұрған қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі.Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері.  Х. Наурызбаев 1925 жылы 27 тамызда Қостанай облысы қазіргі Ұзынкөл ауданында дүниеге келген. Бала кезінен сурет салумен, әсіресе мүсіндеумен шұғылданды.Хакімжан Наурызбаевтің 300- ден астам туынды сомдаған , оның ішінде Алматыдағы Абай Құнанбаев пен Ш. Уәлихановтың ескерткіштері, халық ақыны Жамбыл Жабаевқа арналғанжұмыстар сериясы бар.Х. Наурызбаевтың қолынан шыққан монументальды мүсіндері, жұмыстары: «Абай мүсіні», «Жас Жамбыл» мүсіні, «Амангелді Иманов» мүсіні және т.б. Оның әрбір туындысынан туған жердің рухы, адамдарына деген шексіз қызығушылық , туған халқына деген қалтқысыз қызметі сезіледі.

 

Оқырмандар алдында шақырылған қонақтар сөз сөйледі : мүсіншінің жиені Руслан Наурызбаев, кітапхана оқырмандары Кумажанова Батима апай, Дюсенов Абай Нұрканұлы. Олар Х. Наурызбаевтың өмірі мен шығармашылығына көптеген беймәлім және қызықты факторларын әңгімелеп берді.

 

Іс-шараны қорытындылай келе, оқырмандар  атақты жерлесіміз туралы естелікті бекітуге тілек білдірді: Ұзынкөл ауылында Х. Наурызбаевтың бюст орнатылуын тілейді, кітапханада Наурызбаевты еске алуға арналған кітап көрмесін ұйымдастыру,ауданда Қазақстанның тұңғыш мүсіншісі туралы кітап шығарылғанын қалаймыз, өйткені Х. Наурызбаевтың мұрасы құнды естелік.

 

Іс-шара соныңда оқырмандарға мүсінші Хакімжан Наурызбаев- памятник Абаю в Алматы аттыбейнеролик көрсетілді және «Гений монументального искусства Хакимжан Наурызбаев» туралы көрме ұйымдастырылды.

 

.