Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
0
Ерлік пен даналық дастаны

Түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор ҚР гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, түрколог-ғалым. Немат Келімбетов 1937 жылы Өзбекстан, Ташкент облысының  Жаңажол қаласында дүниеге келген. Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы орта мектепті бітірген.

Ташкент қаржы-экономика инcтитутын (1959), ҚазМУ-дың филология факультетін сырттай оқып бітірген (1966). 1959–1960 жылдары Келес және Сарыағаш аудандық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Ғылым академиясының экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.  

  

 

«Қазақстан» баспасында редактор (1976–1981), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында профессор (1981–1997), Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасында профессор (1997–2002) қызметтерін атқарған. Әскери атағы - отставкадағы лейтенант.

«Үміт үзгім келмейді» деп аталатын хикаят-монологында ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі,мөлдір махаббаты сөз болады. Науқас адамның сын сағаттағы сан қилы ой-толғаныстары бас қаһармандар Ержан мен Гауһардың монологтары арқылы берілген. Күн санап өмір шамы өшіп бара жатқан Ержанды ажал аузынан сүйікті жары Гаухар алып қалғаны хикаят-монологта зор шеберлікпен баяндалған. Иә, Ержан аяқ-қолы сал болып, мүгедек күйге түссе де, ақыры қайсар жанның биік рухы, қайтпас қайсар күші, өмірге деген  құштарлығы жеңіп шығады. Бұл кітаптың құндылығы да осы бір түйінде болса керек. Нақ осындай қуаттан қайта тірілген автор өзі сақтай алған адамгершілігінің бар күшімен «Мен тірімін!» деп жар салады. Иә, бізді түңілу мен өмірге құштарлықтың арасындағы терең орды аттап өтуге мәжбүрлейтін Немат Келімбетов шығармаларын оқу керек! .

.. Ағылшын жазушысы Дэвид  Перри Немат Келімбетовтің бұл шығармасы жайлы былай деген: «Бұл тамаша кітапты дүкеннен не кітапханадан тауып оқыған оқырманның бақыты зор. Мыңдаған қиындықтарға батып кете ме, әлде Келімбетов секілді адам қалпын сақтап қайғыға қарсы тұра ма? Оқырман автор шеберлігіне тамсанып қана қоймай, кітапты парақтаған сайын этикалық сабақ алып отыру бақытына ие  болады. Бұл сирек кітаптарға ғана тән құбылыс.