Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
0
2019 жылдың 1 наурызында Ұзынкөл орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Алғыс айту күніне орай» Іс- шара ұйымдастырылды!

Іс – шараның жүргізушісі: кітапханашы Бердигожина Б.Ж.


Іс – шараға 20 шақты адам қатысты. ОКЖ кітапханашылары, оқырмандар, Ұзынкөл ОКЖ кітапханасының тұрақты оқырмандары Кумажанова Б.С., Бухметова Бибжар апай, Сураганова Салима апай, тілдерді оқыту орталығы, № 1 ҰОМ 7-8 сынып оқушылары

 

Презентация және бейне баян ұсынылды. Сонымен қатар көрме ұйымдастырылды.

 

Көрмені ұйымдастырған және шолу жасаған Ұзынкөл балалар кітапханашысы Гаубрих Л.О.

 

Мақсаты: Оқушылардың және оқырмандардың «сыйластық» құндылығы туралы ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

–    Үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;

–    Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

     Түсініктерін кеңейту;

 

Елімізде бір шаңырақ астында жүзден аса этнос бір атаның баласындай, тату-тәтті өмір сүріп келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылған еді. Бұл ассамблея мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып табылады. Дәл осы айтулы дата 2016 жылы еліміздегі ұлт-ұлыстардың өзәра және қазақ халқына «Алғыс айту күні» болып бекітілді. Себебі, сонау сұрапыл қиын-қыстау заманда елімізге көшіріліп қоныстанғанда қазақ халқы оларға өз қонақжайлығын көрсеткен еді.


Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Назарбаев: "Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды.

Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ.


Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді.

Саманнан жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды.

Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен.

Олар біздің отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - дей келе, "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деп нақтылады.

Алғыс білдірудің маңызы өте зор. Қазақта  «Қарғыс алма, алғыс ал» деген сөз бар. Біреудің шынайы алғысына бөлену адамға үлкен рухани әсер береді. Алғыс білдіру адамдар арасындағы өзара құрметті көрсетеді.

Алғыс айту адамның адамға деген шынайы ниетін білдіреді. Бабалардан қалған бұл үрдіс бүгінде өз жалғасын табуда.

Орталық аудандық кітапхана Ұзынкөл ауылының барлық тұрғындарын

"Алғыс айту күніне арналған» іс – шараға шақырады .