Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
0
2019 жылдың 14 ақпанында Ұзынкөл орталықтандырылған кітапхана жүйесіндеИнтернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанстан ақиқаты» ерлік атты іс- шара өткізілді!

Іс – шараның жүргізушісі: кітапханашы Бердигожина Б.Ж.


Іс – шараға 20 шақты оқырмандар қатысты. Ұзынуөл қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы подполковник Жаркин Серғазы Амангелдіұлы, Ұзынкөл ардагерлері: Жансултанов Өркенес Кузмич, Скиба Иван Иосифович, Суделовский Сергей Анатольевич, Ұзынкөл архивы, тілдерді оқыту орталығы, Ұзынкөл Нұр Отан партиясы, №1 ҰОМ оқушылары.

Презентация және ауған ақиқаты атты бейнебаян ұсынылды.

1979 жылдың 25 желтоқсанында басталып  1989 жылдың  15 ақпанында аяқталған Ауған соғысы  9 жыл  10 айға созылып, мыңдаған адамның өмірін өзгертіп, қаншама қайғы қасірет әкелгені сөзсіз.

Ауғанстан — ислам  мемлекеті Оңтүстік Батыс Азиядағы мемлекет.Аумағы  652,2 мың шаршы км. Астанасы – Кабул (1,5 млн.,1992). Халқының саны  32 млн. адам.Ауғанстан жері 29 уәллаятқа және  2 округке бөлінеді. Мемлекеттік тілі  — пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады, соның ішінде сунниттік бағыт. Жерінің 3\4 бөлігінен астамы таулы. Гундкуш, Паропамиз, Сафеднах, Газни- Кандагар сынды тау жоталары кездеседі. Климаты субтропиктік. Жауын, шашын мөлшері өте аз, ауа температурасы өте жоғары болады.

1973 жылға дейін Ауғанстан монархиялық билікті ұстанды.  1973 жылы әскери төңкеріс болып, революция жарияланды. 1978 жылы қанды төңкерістен кейін Революциялық Кеңес келді. Оны қолдау үшін  1979 жылы Ауғанстанға Кеңес Одағы әскерлері шақырылды. Осылай КСРО 1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес әскерінің шектеулі контингентін Ауғанстан жеріне енгізді.

Ауған соғысының жылнамасына көңіл аударйық:

1979жылы Кеңес әскерлері өздерінің 86 адамынан айырылды, оның  7-уі қазақстандықтар еді.

1980 жылы қаза болғандар саны – 1484 , 181 — і қазақстандық болды.

1981жылы 1298 солдат пен офицерлер көз жұмса, оның  97 сі қазақстандықтар болатын.

1982жылы қаза тапқандар 1948 адамды құраса, оның 168 адамы қазақстандықтар еді.

1983жылы қазаболғандар саны 1446 адам, оның  72 сіҚазақстаннанболды.

1984жылы 2343 айырылып, оның 103 – і қазақстандықтарболатыг.

1985жылы 1868 адамнанайырылып, оның 86-сы қазақстандықтареді.

1986жылы қайтысболғандар саны 1333 адамдықұрады, ал оның70-і Қазақстаннанеді.

1987жылы қазатапқандар саны 1215 адамболса, оның 64 адамыбіздіңотандастарымызболды.

1988 жылымертболғандар саны 759 адамдықұраса, оның  44 қазақстандықтарболды.

1989жылы қазатапқандар 53 адамболса, оның  8-і Қазақстаннанболатын.

 

Ауған соғысынан оралмаған жауынгер ағаларымызды 1 минут еске алдық.

Сөз кезегін Ұзынуөл қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы подполковник Жаркин Серғазы Амангелді ұлына сөз берілді.

«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.

ІҮ. Ардагермен сұхбат жүргізілді. Ол кісілер өздерінің ауған соғысына қатысқаны туралы мәлімет берді және жас ұрпаққа тілектерін білдірді.

Сөз кезегін Ұзынкөл архивіне береледі.

Құрметті қонақтарымызға жауынгер ағалардың аманаты ретінде  «Жауынгер» арнауын ұсынылды.

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Құрметті ардагерлер! Мерекелеріңіз құтты болсын. Қатарларыңыз сиремей, елдің рухын көтеріп, жылдан жылға, аман есен жүре беріңіздер демекпіз.