Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
0
2019 жылдың 16 қаңтарында Ұзынкөл орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Салауатты өмір салты» атты іс – шара ұйымдастырылды

Жүргізуші: ОКЖ кітапханашысы Бердигожина Балкия Жантасовна.


Қатысушылар: ОКЖ кітапханашылары, Тілдерді оқыту орталығы, Нұр Отан партиясы, Ұзынкөл Мұрағаты, және №2ҰОМ оқушылары. Барлығы 18 адам қатысты.

Мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. 
Оқырмандарды бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. 

  1. Оқырмандарға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; 
    2. Ой - өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; 
    3. Адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 
    Міне, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. 
    Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. 
    Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.

Салауатты өмір салты туралы презентация ұсынылды.

Қатысушылар өздерінің пікірлерін білдірді. Сұрақ – жауап болды. Бір – біріне тілектерін айтты. Денсаулық туралы мақал – мәтел жарысы болды.

Іс – шара жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар өздерінің ризашылығын білдірді.