Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
0
«Астана – отанымыздың жүрегі»

                                         

         БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2018 жылдың 04 шілдесінде Ұзынкөл орталық кітапханасында

 Елбасымыздың болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру атты»

4 кіші бағытының бірі «Атамекен» бағдарламасы  аясында

 Елордамыздың 20 жылдығына орай

«Астана – отанымыздың жүрегі»

атты тарихи іс - шараға қош келдіңіздер.

 

 

        Өтетін орны:  

       «Ұзынкөл ОКЖ»Абай көшесі 79

          Өтетін уақыты мен күні:

         04 шілдесі  2018 ж. сағ. 11.00

 

 

 

Іс – шараны ұйымдастырған және өткізген:

 кітапханашы Бердигожина Балкия Жантасқызы

 

Мақсаты: Елордамыз Астана туралы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін  

                    қалыптастыру. Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет

                    етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру.

Көрнекілігі: «Астана – Қазақстан халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігінің

                       нышаны»; «Кешегі Ақмола – бүгінгі Астана», презентация ұсынылды.

 

Іс – шараға Нұр Отан, Жастар ресурстық орталығы, Тілдерді оқыту орталығы, Ұзынкөл мұрағаты, оқырмандар, №2 ҰО мектебінің оқушылары қатысты.

Тарихы бар дастанымдай ерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің

Қазақстан - алтын бесік Отаным,

Ұлы Ордасы татулық пен теңдіктің.

 

 

(Сөз кезегі: Ұзынкөл ОКЖ директоры Булатова Н.А.сөз берілді.)

 

 

Жүргізуші:Ардақты ағайын!
Құрметті (достар) қонақтар!
Қадірлі отандастарым!

Біз бүгін мемлекетіміздің символы, асқақ абыройымыздың айғағы болған Астанамыздың мерейлі тойына жиналып отырмыз. Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, Астана- жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі. 
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты

 

 

Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді. Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалды. 

Астананың 20 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.

 

 

(Сөз кезегін: Абай ауылында Ұстаздықтан бастаған, кейін еңбек жолын селхозтехникада 25 жыл қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан Ұзынкөл тұрғыны әрі кітапхананың тұрақты оқырманы Батима Сұлтанқызына сөз берілді.)

 

 

     Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керек. Біз – осы елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар – біз. Ендеше Астана туралы, бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік! 

 

 

     Елбасы 1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланғаннан кейін сол жылы Ақмолаға келді. Есілде көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып өзенге қарайды. Елбасына қашанда қаланың ортасынан ағып жататын өзен ұнайтын. Өзен қалаға ерекше көрік береді, мәртебесін көтереді. Елімізде көпдеген қалалар өзеннің бойында орналасқан

 

 

Біз ғасырлар тоғысқанда тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз – Астананы салдық. Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті.Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты.Біздер, қазақстандықтар, Астананы асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді –келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық. Той құтты болсын, ағайын!

(Сөз кезегін: Ұзынкөл ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрмағамбетова З.К.сөз берілді.)

 

 

 «Өзіндік ортада туған, бәсекеге қабілетті тұлға алдымен өз халқының тілін, тарихын мәдениетін білу керек» деген Н.Назарбаев 

Астана халқымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің рәмізі және қуатты факторы болады. «Астана – жаңа Қазақстанның қуаты және оның көпұлтты халқын біріктірудің қайнар бұлағы» деген Н.Назарбаев 

Осыдан 23 жыл бұрын, 1994 жылы 6 шілдесінде Парламент қабылдаған шешім шын мәнінде тарихи да тағдырлы шешім болды. Бұл шешім тәуелсіздіктің алғашқы жемістері ғана емес, жас мемлекетіміздің тұңғыш жеңістерінің де бірі еді.

Осы 20 жылдың ішінде әлемге танылған Астана Қазақстанды да әлемге әйгілі етті.Сарыарқа төсінен бой көтерген  Астана бүгінде еліміздің мақтанышына, даламыздың көркіне айналып отыр.

Қазіргі кезде Астана біздің келешегімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отыр.

 

     

 

Жүргізуші:

Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын бетін жазып үлгерді. Өздеріңізге белгілі, 90-жылдардың ортасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ешкім күтпеген жерден оңтүстікте орналасқан Алматы қаласынан республикамыздың қақ ортасына астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады. Көп ұзамай Астана еліміздің экономикалық, саяси, мәдени өмірдің қайнаған ортасына айналды. Қазіргі кезде елорда халқының саны жарты милионнан асты. Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының зерттеу тобының есептері бойынша 2030 жылға қарай Астанада 1 млн. 200 мың адам тұратын болады.

 

     

 

  Әрине, қазіргі заманға сай Астананың көркін жаңа сәулеттік ғимараттар ашып тұр, олар қаланың ажарын танымайтындай етіп өзгертті.

Қас қағым сәтте адам айтқысыз тез өсіп келе жатқан Астана саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, қоғамтанушылардың және сәулетшілердің де қызығушылығын оятып отыр. Сондықтан да болар елордада бой көтерген жеке нысандарға шетелдік сәулетшілер де өзінің үлесін қосуда.

 

      

 

 

  1. Мысал үшін, Астана салынып жатқан биртандық шебер Норман Фостердің екі жобасын алуға болады. Біріншісі, Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы және “Хан шатыры” атты сауда ойын-сауық орталығы. Бұл нысан ұлы көшпенділердің озық дәстүрі мен мәдениетін негізге ала отырып бой көтерген.
  2. Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы көлемі 25,5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен, Қазақстан храмының олардан айырмашылығы – өзара келісім аясында тиімді сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай.
  3. Бұл жерге әртүрлі әлемдік діни дәстүрлердің өкілдері қатысатыны, Мәдениет мұржайында, Өркениет Университетінде, 1500 орындықты опера театрында басды. Бұл тамашаға қолдау көрсететін төрт мықты тіреуіш – символдық «әлем алақаны». Бұл - діни татулықтың, Қазақстанның еркі мен ашықтығын білдіреді. Пирамида Есілдің сол жағалауымен оң жағалауын байланыстырады. Құрыш, алюминий, көптеген арнайы шыны конструкциялар, техникалық ғаламат ойлар, сәулет өнеріндегі жаңашылдық – ғимаратты шындығында ғажайыпқа ұқсатады.     

 

 

 

  1. «Хан шатыры» ойын-сауық орталығы Астанадағы ғажайып орындардың бірі болмақ. Жаңа қаланың осінің солтүстік жағын ала бере, көздің жауын алатындай, екі жүз метрлік сұлу ғимарат бой көтермек. Атауының өзі айтып тұрғандай, қала тұрғындары мен қонақтарының алдынан көшпенді алыптың қолымен тұрғызылған хан шатырлары есіктерін айқара ашып, көпшілікті таңқалдырмақ. Елорданың жаңа ойын-сауық орталығында бірнеше табиғи ландшафт ұсынылады. Жарық, ылғалдылық пен температура жыл бойы бақыланып, ауа райы қатал аймақтың тұрғындары үшін жайлы орынға айналады.   

 

  

 

 

  1. «Астана-Бәйтерек» монументінде ол Астананың символы болып есептеледі. алтын шапақты күн бейнеленген, биіктігі 97 метр, әлемдік жаратылыстың үш негізін білдіретін үш бөліктен тұратын ішкі сәулеті Қазақстаннан тысқары жерлерге де мәлім. Бұл темірден, шыныдан, бетоннан орнатылған алып бәйтерек, сәулеттік өзгеше ойымен, өзінің қомақтылығымен ерекшеленеді. Металл конструкцияның биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады, ол жерге қағылған 500 қадаға орнатылған. Диаметрі 22 метрлік, күн сәулесінің әсерінен мың құбылатын, салмағы 300 тонналық «хамеолеон» әйнегінен жасалған шар, әлемде тұңғыш рет осындай «рекордтық» самғау биікке көтерілді. Жаңарған елорданың көркін аспанмен таластырған «Астана-Бәйтерек», сәулет өнерінің жаңару нышаны, Астана символы, Қазақстан символы болып отыр.

 

      

 

 

  1. "Атамекен - Қазақстан картасы" этно-мемориалдык кешені. Қазақстан кең байтақ. Бірақ оны алақанда тұрғандай көруге болады, оның сәулеті мен жерінің тарихымен танысуға болады, балалық арманыңды жерде тұрып этно-мемориалды кешенде өзіңді бейне бір ертегінің алыбындай сезінуге болады. Жоба «Каздизайнда» белгілі сәулетшілер мен дизайнерлерді тартудың арқасында жүзеге асты.

 

      

 

 

  1. Астананың туристік бағдары да күн санап өсіп келе жатыр. Осы жолда салынған Астанадағы алғашқы бесжұлдызды қонақүйдің бірі – “Интерконтиненталь”. Бар жоғы 2 жылдың ішінде тұрғызылған қонақүйдің тұсауы кесері 1998 жылы маусым айында болды. Ғимараттың жалпы аумағы – 47 мың шаршы метрді құрайды

      

 

Астанананың айқарлы беттерінде елорданың қақ төрінде орын тепкен, еуразияшылдықтың символы болып отырған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің маңызы зор. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің бастамасымен университетке атақты түркітанушы-ғалым Лев Николаевич Гумилевтің аты берілген болатын. Университетте жиі-жі халықаралық ғылыми форумдар өтіп тұрады

 

      

 

    2000 жылы пайдалануға берілген Президенттік мәдени орталық астаналықтар үшін ғылыми-рухани орталықтардың бірі болды.

  1. Президентттік мәдени орталыққа 570 мың кітап қоры бар кітапхана, 400 орындық концерт залы, Қазақстан мұражайы және шеберхана кіреді. Ғимараттың жалпы көлемі 15 мың 500 шаршы метр.

 

      

 

  1. Астананың мәдени-рухани өмірінде ақ-қара түске кезектескен роялға ұқсайтын Қазақ мемлекеттік музыка академиясы. Осы ерекше архитектураның авторы – Сағындық Жанболатов.

 

      

 

  1. Астанадағы тағы бір ерекше көзге түсетін ғимаратын ұшатын тарелканы бейнелеген цирк ғимараты. Жобаның авторы – қазақстандық архитектор Төлеген Әбділда.

 

      

 

  1. Астананың қазақ елі монументы.

 

   Стеланың ұшар басында алып Самұрық құс бейнеленген. Қазақ ұғымында Самұрық-еркіндіктің, күш-қуаттың, кендік пен тәкәппарлықтың символы болып саналады.  Сол сияқты біздің Самұрық та –іргесі берік, шанырағы биік қазақ елінің бір көрінісі.Тәуелсіздігіміздің символы-“Қазақ елі” монументі асқақтап тұр. Монументінің ауқымы 5,02 гектар жерді алып жатыр.

  1. Ескерткіштің мұнарасы 91 метр.
    Қазақсан өз тәуелсіздігін 1991жылы алды.
  2. Ескерткіштің биіктігі осы жылға орайлыстырып белгілеген.
    1900 шаршы метр кеңістікке созылған мәрмәр тастан жасалған.

  Ал тәуелсіздік тұғырын асқақ мұнараның ұшар басында заңғар аспан еркесі- Самұрық құстың 2,500 тонна алтындатылған қоладан жасалған бейнесі.

 

      

 

«ЭКСПО-2017» көрмесінің архитектуралық символына айналған көрме кешенінің орталық нысаны «Нұр әлем» деп аталады. Алып шар тәрізді ғимарат – әлемдегі ең үлкен сфера. Оның диаметрі 80 метр болса, биіктігі – 100 метр

  Жеті қабаттан тұратын нысанның әр қабаты ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетикалық энергияға арналған. Ал сегізінші қабат «Астана – болашақтың қаласы 2050» экспозициясына арнайы бөлінген. Аталмыш сфераның төменгі табанындағы 5 мың шаршы метр аумақта Ұлттық павильон болады. Павильон «Қазақстанмен танысу» және «Жасампаздық энергиясы» атты екі басты тақырыпты қамтиды. Павильонның бірінші бөліміне ландшафт, мәдениет, тарих, Қазақстанның өткені мен болашағы туралы мәліметтер беріледі. Ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика – қуат көздерінің негізгі түрлері сандық, мультимедиялық және интерактивті технологиялар арқасында келушілердің назарын аудармақ

 

      

      

 

Ғимарат үстіндегі шолу алаңына лифт арқылы көтерілуге болады. Онда кез келген адам бүкіл ЭКСПО ауданында болып жатқан әдемі көріністерді тамашалай алады. Кіреберістің алдында көрме келушілері жиналатын Басты алаң орналасқан. Қасбетінде күн энергиясын электр қуатына түрлендіретін фотовольтаикалық элементтердің бірігуі бедерленген. Сонымен қатар, сфераның жоғарғы жағында 2 жел генераторы жұмыс істейді.

 

 

Көрмеден отандық ғалымдардың үздік жобаларын, Елбасының энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы бастамаларын, «Жасыл экономиканың» рес­публика аймақтарында жемісті жүзеге асырылған жобаларымен танысуға мүмкіндік бар.

                                                                                                                            (Бейнебаян)

ЭКСПО – 2017 көрмесінің біздің елордамызда өтуі де әлем елдері алдында абыройымызды асырып, мәртебемізді көтерері сөзсіз

 

 

Қазақстанымыз бар болған 20 жылдың ішінде адам айтса нанғысыз көздің жауын алар әдемі, зәулім үйлері, қыран ұшар биікке өрмелеген Елорда өзінің бар қасиетімен ерекшелінеді.

Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала.

Сымдай бой түзеген көшелер, жымың-жымың сәулелер.

 

 

    Сұлу шаһар,тұнық әсем аспанда қалықтаған әсем ән.Астанадағы “Есіл” тұрғын үй кешені,”Астана –дәуір”,”Рамстор”,”Парламент ғимараты”,”Ғашықтар саябағы”,”Байтерек” салтанатты Ақорда, сәулеті келіскен сол жағалау сырт келбеті өзгеше бейбітшілік келісім сарайы,”Думан” ойын-сауық орталығы сынды Астананың көркіне көз тоймас талай ғажайыптары бар.

 Оған бара қалсан , қаншама көріністерге куә боласын да, қайтарда бір қимастық сезім билеп алады.

 Астана  көз алдымызда жыл санап емес, ай санап емес, күн санап, аңызға бергісіз шындықпен өсіп келе жатқан нұрлы қала.

Елбасымыз айтқандай, жана әлемдегі жаңа Қазақстанның жаңа Астанасы әрі жас Астанасы қайсымыздың болса көкірімізде арайлы рухты оятады.

  Астана - қазақтың үшінші мынжылдыққа, жиырма бірінші ғасырға шаршамай жеткен, кірленбей жеткен, пассионарлық әулетің сақтаған ұлт екендігін айғағы.

  Астана-қазақтың достыққа адал, сертке берік салты барлық қазақстандықтардың ортақ менталитетіне айналған.




 

  Осыдан дәл 20 жыл бұрын Астананың халықаралық тұсаукесері өткен жер- Қажымұқан атындағы стадион бұрынғы Ақмола бекінісінің дәл салынған еді.

Астана тек қана әкімшілік қала емес, халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелері, театрлары мен музейлері.

 

Астана-келешектің қаласы болуы тиіс.

Бүгінде елорда әлемнің 20 жуық елдерімен Ресейдің алты аймағымен достық қарым-қатынаста. Астана үлкен қалалар мен Халықаралық астаналар Ассамблеиасына (МАГ) кірген. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға, ең жоғары белгілердің бірі “Бейбітшілік қаласы” деген атақ берген болатын.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс өкілдері татулықта өмір сүруде.

  1. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы мен гүлденуі 9 бөлімнен, 98 баптан тұратын Ата заңның орындалуына байланысты. Ата Заңымыз – Қазақстан азаматарының құқықтарын, бостандықтарын, олардың әлеуметтік дамуы мен гүленуін қорғайды.

Қазақстан – унитарлы мемлекет. Ол 14 әкімшілік территориялық облысқа бөлінген. Елімізің  қойнауы  күміс пен алтынға, жайлауы төрт түлік малға, қамбасы астыққа, дастарханы нанға толы.

 

 

Жүргізуші: Расында да Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 26 жылға жуық басқарған Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті.


Астана - әлемнің үздік астанасы болу үшін өзінің алдына нақты міндеттер мен мақсаттар қойды. Ол өзінің мақсаттарына жету үшін жұмыс істейтін болады.

Есіл өзенінің жағалауында бойкөтерген әсем де арман қала астана гүлдей жайнап, әлемнің көрікті қаласына айналсын деген тілектемін.

Астана күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей

 

 

Абая көшесі 79 а

т/ф + 7714442-10-28 

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.