Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
0
«Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім» атты поэзия кеші өтті

9 ақпанда  Ұзынкөл орталық кітапханада, Ұзынкөл орта мектебі №2 қатысуымен  «Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім» атты поэзия кеші өтті. Іс-шараға  қатысқандар 8-сынып мектеп оқушылары, аудандық мұрағат қызметкерлері,мәдениеттің мекемесінің қызметкерлері, кітапхана оқырмандары т.б. Қатысқан саны – 30 адам.

Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығы мен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақының өлеңдері арқылы келген қонақтардың, оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.

 

Іс-шараны орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы Бетаева Н.С. жүргізді. Поэзиялық кешіміз мемлекеттік тілде өткізілді.

Келген іс-шара қонақтарына 8 – сынып оқушысы Бердигожина Ақыз  «М. Мақатаевтың өмірімен шығармашылығы» жайлы  таныстырып өтті. Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда» дастанын үзіндісің мектеп оқушыралы ұсынып  кітапхана оқырмандарына паш етті. Кенжетаева Айшат  Мұқағали  Мақатаевтың «Ең бірінші бақытым» деген өленің орындады. Мұқағали Мақатаевтың көптеген өлең -жырларын  осы поэзия кешімізде орындалды. Соның біреуің  қазақ тілі мұғалімі Роза Құрмашқызы М. Мақатаевтың «Бақыт» өлеңін келген қонақтарға ұсынды. Іс- шара соныңда «Қазақ поэзиясының Хан- Тәңірі» атты кітап көрмесімен кітапханашы Бетаева Н. С. таныстырып өтті. Келген оқырмандарға сөз берілді.