Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
0
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ. ІС ШАРАНЫҢ НӘТИЖЕСІ

Ұзынкөл орталықтандырылған кітапхана жүйесінде

2017 жылдың 28 қарашасында    1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған

«Елбасы еңселеткен Елорда

атты патриоттық іс – шараны кітапхана және тілдерді оқыту орталығы екі мекеме бірлесіп өткізді.

 

Патриоттық іс – шараны жүргізген: кітапханашы Бердигожина Б.Ж

Жастар ресурс орталығы, Тілдерді оқыту орталығы, №2 Ұзынкөл орта мектебінің 8 сынып оқушылары жалпы 20 оқырман қатысты.

 

Іс – шараның мақсаты:

1.Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың

өмір жолы, туып-өскен,оқып  білім алған , қызмет   еткен

жерлері   туралы  мағлұмат  беру; 

2.Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын , халқын   сүюге,

ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу;
3.шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін   ояту,құрметтеу
  

4.  Республикамыздың дамуы, ондағы халықтар достығы, елбасымыз  Н.

Ә. Назарбаевтың өз елінің өркендеуіне байланысты жүргізіп отырған

саясатымен таныстыру; ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің  және

тәуелсізділіктің  құндылықтарын жеткізу;

5. Ел рәміздерін қастерлеуге, заман талабына сай жан-жақты, білімді,

жігерлі және

6. Отанын, туған жерін, халқын сүйетін тұлға  тәрбиелеу;

 

Көрнекілігі:   көрме, ел рәміздері, слайдтар жіне бейнеролик.

Ең алғашқы көрме туралы насихаттадық.

 

     

 

    

 

 

 

Іс – шара әнұраннан басталды. Жүргізуші өз сөзімен іс – шараны бастады: Республикамызда тыныш өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен дос, бауыр. Сондай – ақ, жас ұрпақтың жақсы, терең білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті іс-қимыл, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр.

 

       

Презентация ұсынылды. Презентацияда Елбасымыздың Президент жолына қалай қол жеткізгені, өмір жолы туралы айтылды. Президентіміздің 1 күні атты бейнеролик көрсетілді. Викториналық сұрақтарды келген оқырмандар белсене шешті. Елбасымыздың отбасы жайында оқырмандарға мәлімет айтылды. Сонымен қатар Елбасымыз спортқа өте қатты көңіл бөлетіні, және бірнеше кітаптардың авторы:

 

Кітаптары:

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

«Тарих толқынында» (А., 1997),

« «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002), Сындарлы он жыл» (А., 2002), «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

 

Көрме инстоляциясы ұйымдастырылды.

 

 

 

Сонымен қатар Елбасы туралы өлең жолдар оқылды.

Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздерін бекітіп, елдігіміздің тағы бір шегесін нақтылай қақты. Ұлттық валютамыз теңгені айналымға шығарып, алға тағы бір қадам жасады. Одан бөлек, елдің дамуы барысында, ең алғашқы маңызды болып саналатын өзге елде жүрген қандастарымызды өз Отанымыз — Қазақстанға шақырды.

Ұлы көш барысында дүние жүзіндегі көптеген елдерден қазақ қандастарымыздың табаны туған топыраққа тиді. Атап айтар болсақ Қытай, Монғолия, Иран, Түркия елдерінен қазақ бауырларымыз елге оралды.

Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығы да ерекше. Ол болашақ жастардың қолында екенін үнемі айтып отырады. Оларды қолдау үшін барын салады. Осы орайда Елбасының өзінің жеке тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылып жыл сайын қаншама қазақтың қаракөздері әлемдегі ең атақты жоғары оқу орындарында білім алып келеді.

Одан бөлек ұлттық мақтанышымызға айналған Отанымыздың Елордасы Астананың уығын қадап, бүкіл әлемге бас қаламызды мойындата алғаны өзінше бір шежірелі тарих.

Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.

Сөз соңында жүргізуші:

Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын — Тұңғыш Президент күні  біз үшін де өте қадірлі мереке. Қазақстан жасасын, Елбасымыз аман, еліміз тыныш болғай. Мерекелеріңіз құтты болсын, қазақ елі!

Осымен біздің тұңғыш Президент күніне арналған патриоттық іс – шарамыз өз мәресіне жетті.